Қазақстан Президенті мен Испания королі екіжақты кездесу өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті мен Испания королі екіжақты кездесу өткізуде

Қазақстан Президенті мен Испания королі екіжақты кездесу өткізуде

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания королі Филипе VI екіжақты кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. &l

  • 10 Маусым 2017
  • 302
Фото - Caravan.kz

Ақорда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания королі Филипе VI екіжақты кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға алғашқы сапарыңызбен қош келдіңіз деймін. Испания тәуесліздіктің алғашқы күнінен бастап біздің елімізге барынша жақын болды. Экономикалық және мәдени ынтымақтастық жолға қойылды. Біз Испания сынды үлкен елмен, оның ұлы тарихы мен мәндениетімен жақын болғанымызды, тату қарым-қатынасымызды мақтан тұтамыз. Сіздің әкеңіз король Хуан Карлоспен біз осынау қарым-қатынастарды қалыптастырған едік. Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында қолдау білдіргені үшін ризамыз», — деді Қазақстан Президенті екіжақты кездесу барысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы болуына көмек көрсетіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуына да жан-жақты қолдау білдіргенін атап өтті. «Бұл мен Қазақстанға алғашқы сапарым және ұзақ жылдардан бері жалғасын тауып келе жатқан осынау серіктестіктің бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын. Оның негізін өзіңіз атап өткендей менің әкем қалаған болатын. Сапарымның Астанадағы ЭКСПО-2017 көресінің бірегей ашылу салтанаты аясында өтуінің өзі де мен үшін зор құрмет және мен сізді осынау оқиғамен құттықтаймын», — деді өз кезегінде Испания королі.


 

Соңғы жаңалықтар