Кездесу барысында республиканың пошта саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқыланды.
Н.Назарбаев электронды үкімет құру тұжырымдамасын жүзеге асыру, ұялы және ауылдық телефон байланысы саласына озық технологияларды енгізу мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді. Кездесуде мемлекет басшысы алдағы уақытта агенттік алдына қойылатын бірқатар міндеттерді айқындап берді.
Сондай-ақ, бүгін Елбасы «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК ЖАҚ-ның президенті Мұхтар Жәкішевті қабылдады. Ол мемлекет басшысына уран өнеркәсібі саласының алдағы 5-6 жылдағы даму барысы туралы әңгімелеп берді. М.Жәкішевтың айтуынша, әңгіме өзегі негізінен өндірісті пәрмендендіру тақырыбына арналды.