Жарияланды: 410

Қазақстан Президенті мен ҚР Премьер-Министрінің Өзбекстанға сапарлары жоспарлануда

2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға сапар жасауы жоспарлануда.

Бұл туралы ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабарлады. «Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келуі жоспарлануда. Жаңа 2013 жылы біздің Мемлекет басшысының Ислам Кәрімовтің шақыруымен Өзбекстанға сапары жоспарлануда. Үкіметаралық комиссия жұмысының алгоритмі Өзбекстан Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде жасалғанына ерекше атап өтіп, растағым келеді. Біздің ынтымақтастығымыздың барлық негізгі мәселелері екі мемлекет басшысының биылғы жылдың қыркүйегіндегі келіссөздерінің қорытындылары бойынша жасалған біріккен мәлімдемеде көрсетілген», - деді ҚР вице-премьері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін