Қазақстан президенті мен Түркия мемлекет басшысы телефон арқылы сұхбат барысында түркі тілдес мемлекеттердің алдағы саммиті туралы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мен Түркия мемлекет басшысы телефон арқылы сұхбат барысында түркі тілдес мемлекеттердің алдағы саммиті туралы талқылады

Қазақстан президенті мен Түркия мемлекет басшысы телефон арқылы сұхбат барысында түркі тілдес мемлекеттердің алдағы саммиті туралы талқылады

Түркияда қысқа мерзімді демалыста жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Ахмет Неждет Сезер телефон арқылы әңгімелесті. Сұхбат барысында екі жақты қазақ-түрік ынтымақтастығы, түркі тілдес мемлекеттер басшыларының келесі жылы өткізілетін саммиті мәселелері талқыланды. Телефон сұхбатында Түркия президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа демалысының жақсы өтуін тіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 782
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, өткен аптаның соңында Нұрсұлтан Назарбаев Түркия үкімет басшысы
Реджеп Тайип Эрдоганмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік деңгейін жоғары бағалай отырып, екі жақты және халықаралық мәселелерде өзара толық үйлесімнің бар екенін ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздік және халықаралық ұйымдар аясындағы екі жақты ықпалдастық мәселелері кеңінен әңгіме болды. Қазақстан Елбасы мен Түркия үкімет басшысы екі елдің қазіргі сауда-экономикалық байланысы ахуалын талқылап, соның ішінде көлік саласында шешімін таппаған кейбір мәселелер бар екендігін атап өтті. Жүзбе-жүз кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды қолда бар мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып өзара тереңдету және оны жандандыру туралы өзара уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті Түркияның іскер топтары өкілдеріне жұмыс бабындағы қонақасы берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 29-қыркүйектен бері қысқа мерзімді демалыста жүр.

Соңғы жаңалықтар