Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Ақтөбе облыстық мешітінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Ақтөбе облыстық мешітінде болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Ақтөбе облыстық мешітінде болды

Ақтөбе. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Ақтөбе облыстық мешітінде және Свято-Никольский шіркеуінде болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

Ақтөбедегі храмның аумағы әудем жерді алып жатыр, сырты қоршалған, алаңға тал-теректер отырғызылған. Арнайы адамдар күтіп-баптайды.

Бұдан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев алдымен храмда, одан соң Ақтөбе облыстық мешітінде болды. Мешіт пен храм алдына жиналған жұртшылықпен пікір алысты.

Көршілес екі елдің басшыларын жаңа мешіт маңына жиналған он екі мыңнан астам ақтөбеліктер ду қол шапалақтап қарсы алды. Еуразияда теңдесі жоқ еңселі де сәулетті мешітті аралап көрген президенттер жиналған халыққа жақындай түсіп, ардагерлермен тілдесті. Небәрі 2 жыл 6 айдың ішінде салынып біткен мешіт қалаға абырой әперетін имандылық үйі болғалы тұр. Еуразия кеңістігінде мұндай мешіт жоқ көрінеді. Тіпті, Қазандағы мешіттен де үлкен. Оның ұзындығы 33, ені 33 метр болса, жаңа мешіттің ұзындығы мен көлденеңі 40 метрден. Бұл мешіттің ішінде 3 мың адамдық намазхана бар. Соның ішінде 2,5 мың адам ерлер, сосын әйелдердің галереясы бар.

Мешіттің ең төменгі бөлігіндегі техникалық қабатта барлық коммуникациялық жүйе орналасқан. Мұның өзі 1600 шаршы метр. Бұдан кейінгі нөлдік қабатта 300 орындық асхана жұмыс істейді.

Сондай-ақ осы қабатта медреседе оқитын 25 шәкірттің жататын жатақханасы, олардың жуынатын-шайынатын, басқа да қызмет көрсететін орындары өз алдына бөлек. Намазханадан күмбезге дейін 26 метр. Күмбездің асты мозаикамен қапталған. Оған аяттар алтынмен жазылған. Мысалы, Ықылас сүрелері, Құраннан алынған басқа да аяттар бар. Қабырғалардың барлығы солай өрнектелген.

Намазхананың іші өте кең, жайлы. Ауаны тазартатын аса қуатты жүйе жұмыс істейді. Бұған қоса кондиционерлік желі жұмыс істеп тұрады. Екі жерде осындай аса қуатты қондырғы тұр. Қандай ыстықта да, салқында да қажетті, қалыпты температураны ұстап, реттеп тұрады. Мешіттің өзінің дербес газбен жұмыс істейтін қазандығы бар. Алтынмен апталған күмбездің ішінен төмен қарай түсетін 12 метр алтын жалатқан шынжырға люстра ілінген. Люстраны Чехиядан алдырыпты. Мешіттің ішінде неке қиятын зал бар. Қайтыс болған адамды арулап, ақырғы сапарға шығарып салу рәсімдерін өткізетін орындар да ескерілген. Мешіт айналасындағы 3 гектар жерге 145 жасыл шырша егілген.

Мешіттің қарсы алдында субұрқақ орнатылған. Оның биіктігі 20-25 метр. Субұрқақ түрлі түспен құбылады. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы — 5367 шаршы метр. Мешіт күмбезінің биіктігі — 38 метр, мұнарасы — 63 метр. Залда 1186 шаршы метр жайнамаздық кілем жайылған. Мешітті салуға 1 млрд. 700 мың теңге қаржы жұмсалды. Бұл қаржы демеушілер мен азаматтардың үлесінен жиналды. Мешіт құрылысы басталғалы 200 мыңнан астам адам қаржы салған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар