Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ президенті Джордж Буштан жеделхат келді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ президенті Джордж Буштан жеделхат келді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ президенті Джордж Буштан жеделхат келді

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ президенті Джордж Буштан жеделхат келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Қазан 2008
  • 628
Фото - Caravan.kz

Өз хатында Дж.Буш АҚШ үкіметінің атынан Қазақстан халқы мен үкіметіне Ирактағы көпұлтты коалициялық күштер құрамына Қазақстанның бітімгершілік күштерін жібергені үшін үлкен ризашылығын білдірген. Қазақстан бітімгершілері Дельта атты алдыңғы шептегі оперативтік базада 2003 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қараша айына дейін болды.

«Сіз тарапынан Иракта ауыртпалық түскен мезгілде демократиялық үкімет құру мен оны нығайтуға ұдайы қолдау көрсетіліп келуі Қазақстандық рух үшін сын болмақ. Қазақстан Ирак халқы үшін тұрақтылық орнату мен зорлық-зомбылықты азайту үшін жасалған операцияға батыл үлес қосты. Америка Құрама Штаттары келешекте де Қазақстандық контингентпен бірге бейбітшілік пен еркіндікті қорғау мақсатындағы іс-шараларда иық тіресе қызмет етеді деп үміттенеді» , — делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті