Президенттің қысқа мерзімді қабылдауынан кейін Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Қазақстан президентіне сенімхатын табыс етуді өзіне мәртебе санайтынын мәлімдеді.
«Бұл оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді»,- деді ол. Бекизизве Уиздом Джиланың айтуынша, «Қазақстан президенті сенім хатын қабылдап алу арқылы Оңтүстік Африка Республикасы мен оның халқымен арадағы ынтымақтастықтың құндылығына сенім білдіреді».
«Ынтымақтастықты жолға қою үшін екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлеуетін айқындайтын экономикалық бағдарламалар жасалуға тиіс»,- деді ол.
Сонымен бірге кездесу барысында елші Н.Назарбаевқа Оңтүстік Африка Республикасының президенті Табо Мбекидің сәлемін жеткізіп, екі мемлекет басшысының арасында «жылы шырайлы» байланыс орнағанын атап өтті.