Қазақстан президенті Оңтүстік Кореяға 2007-жылы келу жөніндегі шақыруды қабыл алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Оңтүстік Кореяға 2007-жылы келу жөніндегі шақыруды қабыл алды

Қазақстан президенті Оңтүстік Кореяға 2007-жылы келу жөніндегі шақыруды қабыл алды

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға 2007-жылы келу жөніндегі шақыруды қабыл алды. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Оңтүстік Корея үкімет басшысы Хан Мен Сук бүгін Елбасымен кездесуден кейін өткізілген брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Корея президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылы елімізге келуге шақырды. Қазақстан мемлекет басшысы бұл шақыруды ризашылықпен қабыл алды»,- деді үкімет басшысы.

«Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін бермек»,- деді Корея үкімет басшысы.

Хан Мен Сук сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасты «тек энергетика және минералды ресурстар саласында ғана емес, сонымен бірге, басқа салаларда да дамытуға» уағдаластық жасалғанын жеткізді. «Сол арқылы біз өзара қарым-қатынасты жоғары деңгейге көтереміз»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Корея үкімет басшысы Хан Мен Суктың Қазақстанға сапары аясында бизнес-форум өтеді, онда Оңтүстік Кореяның телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жаңаша мүмкіндіктерінің тұсаукесері жасалады. «Форумның басты мақсаты — Корея Республикасының ІТ саласындағы саясатының тұсаукесерін өткізіп, Кореядағы ақпараттық технологиялардың даму деңгейін деңгейіне қатысты ақпаратпен таныстыру. Сонымен бірге форумды өткізу арқылы екі елдің кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайту мен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылмақ».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті