Қазақстан президенті оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Қазақстан президенті оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Бүгін, 1-қыркүйекте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №51 орта мектепті ашты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 632
Фото - Caravan.kz

«Барша Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерді 1-қыркүйек — білім күнімен құттықтаймын. Сауатты әрі білімдар ұрпақ тәрбиелеу үшін мемлекет қаржы аямайтын болады»,- деді президент.

№51 мектепті салуға республикалық бюджеттен 716 млн. теңге бөлінді. Мұндағы оқу-тәрбие жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі.
Мемлекет басшысының хабарлауынша, биыл 280 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, 224 мың бала мектеп бітіреді. Қазақстан бойынша жалпы 8260 мектеп бар, оларда 3 млн. оқушы оқиды. 2007-жылға дейін елімізде тағы 249 мектеп салынады.

Перейти к новостям спорта