Қазақстан президенті орталық және жергілікті басқару аппараттарында бірқатар құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті орталық және жергілікті  басқару аппараттарында бірқатар құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстан президенті орталық және жергілікті басқару аппараттарында бірқатар құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды ұсынды

Қазақстан президенті орталық және жергілікті басқару аппараттарында бірқатар құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы бүгін, 17-қыркүйекте Астанада мемлекет басшысы мен БАҚ өкілдері арасындағы кездесу қорытындысы бойынша KZ-today тілшісі хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 522
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттігі (қаржы полициясы), Жер ресурстары жөніндегі агенттігі , ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі тәрізді үш агенттіктен өзге бұған дейін үкіметке тікелей бағынышты болып келген агенттіктерді таратып, оларды министрліктердің жанындағы комитеттер түрінде қайта құруды ұсынады. Ақпарат министрлігі мен мәдениет министрлігін ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне, ал ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігін төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке айналдырған жөн дейді Елбасы.

Елбасының айтуынша, ол ұсынған реформалар «басқару аппаратын қазіргі уақыт талабына бейімдеуге бағытталған». Сондай-ақ, бір-бірін айна қатесіз қайталайтын функциялар мен «жоғарыдан төменге қарай бағыныштылықты» жою қажет.
Н.Назарбаев «бұл бағдарлама бойынша біз ұзақ жұмыс істедік» және оны әзірлеуге шетелдік мамандарды да жұмылдырдық деп атап көрсетті. «Біз кәсіби үкімет құруға біртіндеп қадам басатын боламыз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта