Мемлекет басшысы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлеміне қарай Қазақстанның ТМД елдері арасында алдыңғы орында екенін атап өтті. «Жалпы тәуелсіздік жылдарында елімізге 40 млрд. доллардың тікелей инвестициялары тартылды. Ал қазір өз иелігіміздегі негізгі капиталға салынған ішкі инвестицияның көлемі шамамен 70 млрд. долларға жетті»,- деді Н.Назарбаев.
«Шетелдік инвесторлардан Қазақстан көп нәрсе үйренді. Ендігі кезекте отандық кәсіпкерлеріміздің өздері шетелдік инвестор болып үйренуі қажет»,- деді президент.