И.Раджаның мемлекет басшысымен кездесуден кейін атап көрсетуінше, әңгіме барысында «екі жақты қатым-қатынасты, соның ішінде сауда- саттықты дамыту» мәселелері талқыланған. «Біз екі ел арасындағы сауда-саттық және коммерция салаларындағы ынтымақтастық өзара саяси қарым-қатынастар деңгейінен шамалы кенжелеп қалғанын ұғынамыз және бұл тұрғыда көп нәрсе тындыру керектігін түсінеміз»,- деді ол.
Пәкістан елшісінің айтуынша, сұхбат барысында «транзитті тасымал туралы төрт жақты келісімді жүзеге асыру, барлық елдерге бірдей тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер мен құралдар мәселесі» төңірегінде сөз қозғалды. «Жуырда Пәкістанның Гвадар қаласында теңіз айлағы салынды. Келісім жүзеге асырылған жағдайда бұл айлақ Қазақстанға құрғақпен теңізге шығудың қысқа жолын қамтамасыз етеді»,- деді ол. «Айлақтың ашылуы барлық мүдделі елдер үшін үлкен артықшылықтар туғызады. Қазақстан үшін айлақ экспорт үшін пайдалы»,- деді елші.
И.Раджа осы орайда «өзінің Қазақстанға бір апта бұрын, ал Астанаға үш күн бұрын келгенін және осындай қысқа мерзімде Қазақстан президентіне сенім хатын табыс ету мүмкіндігі туғанын» хабарлады. «Бұл — екі ел арасындағы бауырлық байланысқа дәлел болмақ»,- деді Пәкістан елшісі.