Қазақстан президенті Павлодар облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар мақсаттар қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Павлодар облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар мақсаттар қойды

Қазақстан президенті Павлодар облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар мақсаттар қойды

Павлодар. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Павлодар облысының атқамінерлерімен кездесуде өңірдің жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдына бірқатар мақсаттар қойды: электр қуатын дамыту, инвестиция тарта отырып өнеркәсіпті дамыту, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды қолдау, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды қолдау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Бағаның, әсіресе, азық-түлік бағасының қымбаттауынан жағдайлары одан бетер нашарламауы үшін олар мемлекеттің көмегін алуға тиіс. Өңірде инфляцияның өсуіне жол бермеуге шара қолдануды жүктеймін. «Ертіс» ӘКК-мен жүргізілетін жұмыстарды қарқындандыру қажет»,- деді президент.

Мемлекет басшысы Павлодар облысында Қазақстанда өндірілетін қиыршық тастың 100%, ферроқорытпалардың 74% , көмірдің 60% астамы, электр қуатының 41% астамы өндірілетінін атап өтті. «Тұрғын үй құрылысына жыл басынан бері 6,5 млрд теңге жұсталған, бұл өткен жылғыдан 1,5 есе артық», -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар