Қазақстан президенті қадағалаушы сот инстанцияларының санын мейлінше азайтуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті қадағалаушы сот инстанцияларының санын мейлінше азайтуды ұсынады

Қазақстан президенті қадағалаушы сот инстанцияларының санын мейлінше азайтуды ұсынады

Қадағалаушы сот инстанцияларының санын мейлінше азайтып, істердің бір бөлігін жергілікті жерлерде шешуге қол жеткізу қажет. Жоғарғы сатылы соттарда даулардың шешілмей сөзбұйдаға салынуы арқылы сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына жол беруге болмайды. Бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Азаматтардың ақиқат іздеп түрлі сот инстацияларының есігін тоздыруы доғарылмай отыр. Бұл — сот жүйесінің құрылымы шамалы ғана өзгергеніне дәлел»,- дейді мемлекет басшысы.

«Совет дәуірінен келе жатқан қадағалау инстанциясы түрлі жалған сылтаулармен күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін бір емес, бірнеше мәрте қарап, қуатсыз етуге мүмкіндік береді. Бұл — процеске қатысушы тараптардың түсінбеушілігі мен сенімсіздігін тудырып отыр»,- деді ол.
«Мен бірнеше жылдан бері заңгерлердің алдына істерді мейлінше төменгі сатыларда қарауға ден қойып, Жоғарғы сот деңгейіне мейлінше аз жіберу туралы мақсат қойып келемін. Қандай істер қайда қаралатыны туралы нақты көрсетілуі қажет. Бірақ біз бұл мәселені мүлдем шеше алмай отырмыз «,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта