Қазақстан президенті қазақ-өзбек шекарасындағы ахуалмен танысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті қазақ-өзбек шекарасындағы ахуалмен танысуда

Қазақстан президенті қазақ-өзбек шекарасындағы ахуалмен танысуда

Шымкент. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ-өзбек шекарасындағы ахуалмен танысуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Н. Назарбаев «Қапланбек» бақылау-өткізу бекетінің ашылу салтанатына қатысты.

«Мемлекет шекараны нығайтуға ауқымды қаржы бөліп отыр. Мен олардың қалай пайдаланылып жатқанын және шекараны делимитациялау процессі қалай жүргізіліп жатқанын көргім келген еді. Бәрі жақсы екенін көріп тұрмын. Бұл жерде біз бауырлас Өзбекстан халқымен байланыс жасаймыз. Мен жұмыстардың өзара ынтымақтастық жағдайында жалғаса бергенін қалаймын», -деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қапланбек» бақылау-өткізу бекеті 1992 жылы салынған. 2006 жылы бұл жерде біртұтас бақылау-өткізу бекеттерін құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қайта құру басталды. Сәуір айында «Қапланбек» бекетіндегі жұмыстар қолға алынды. 2006 жылдың 25 желтоқсанында жұмыстар аяқталғанымен, бекет жұмысқа кіріскен жоқ, өйткені, өзбек жағында кеден бекеті салына бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар