"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мынадай құрамда құрылсын: төраға - Жұмабеков Оңалсын Исламұлы; мүшелері: Мәми Қайрат Әбдіразақұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы; Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры; Баймағанбетов Серік Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің төрағасы; Жұмабаев Ермек Жианшаұлы - Қазақстан Республикасы парламенті сенаты заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы; Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Полторабатько Людмила Григорьевна - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Райымбаев Сансызбек Ілиясұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Түгел Әнуар Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті; хатшы: Омаров Алтай Сәттібайұлы - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің сектор меңгерушісі".
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.