Қазақстан президенті ресми сапармен Мәскеуге аттанып кетті - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ресми сапармен Мәскеуге аттанып кетті - толықтырылған нұсқа

Қазақстан президенті ресми сапармен Мәскеуге аттанып кетті - толықтырылған нұсқа

Бүгін, 17-қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Мәскеуге аттанып кетті. Елбасының ұшағы жергілікті уақыт бойынша түс әлетінде "Внуково-2" әуежайына қонады деп күтілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресей астанасынан.

  • 17 Қаңтар 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған алғашқы сапары.

Сапар бағдарламасы бойынша алғашқы шара Қазақстан елшілігінің резиденциясында өтіп, мұнда Н.Назарбаев Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадковпен жүздеседі. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Қазақстандағы Ресей жылының аяқталуына байланысты Н.Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқан бірқатар Ресейлік мемлекет қайраткерлеріне Қазақстанның жоғарғы наградаларын табыс етеді.
Сол күні Н.Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездеседі. Биыл Мәскеу Мемлекеттік университетінің 250 жылдық мерейтойы. Дәл осы Мәскеу Мемлекеттік университетінің қара шаңырағында 1994-жылдың наурыз айында Қазақстан Елбасы Еуразиялық Одақ құру туралы идеяны жария етті.
Сапардың алғашқы күнгі бағдарламасы Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу шарасымен аяқталады. Н.Назарбаев Мәскеу, Астрахань, Самара, Санкт-Петербург, Омбы және басқа да ресей өңірлерінің аймақтық ұлттық-мәдени автономиялары, қоғамдық ұйымдары мен орталықтардың жетекшілерімен кездеседі.
Сапар аясындағы негізгі ресми шаралар 18-қаңтарға белгіленген. Ертең Кремльде Қазақстан Елбасы мен Ресей президентінің кездесуі өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Кремльде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады. Олардың арасындағы ең маңыздысы екі ел арасындағы ең ұзаққа созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығын айқындап беретін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісім болмақ.
Қазақстан президенті сонымен бірге Ресейлік бірқатар БАҚ басшыларымен кездеседі.
Ресми сапар 19-қаңтарда аяқталады.

Перейти к новостям спорта