Қазақстан президенті РФ Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті РФ Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады

Қазақстан президенті РФ Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады

Бүгін, 8-желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Борис Грызловты қабылдады. Сұхбат барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелер талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Біз экономиканы дамыту, оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, екі елде жүзеге асырылып жатқан жаңартулар туралы талқыладық»,- деді кездесуден кейін журналистер алдына шыққан Б.Грызлов.

«Ең бастысы, Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігу туралы мәселеге ешкім де күмән келтірмейді»,- деді ол. Сонымен бірге, Б.Грызловтың айтуынша, кездесу барысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселесі де сарапқа салынған. «Екі ел арасындағы шекара мәселесі дерлік реттелген. Ендігі кезекте мемлекетаралық шекара туралы келісімге қол қойылады деп күтеміз»,- деді ол.
Сондай-ақ, РФ Мемлекеттік думасының төрағасы мен Елбасы арасындағы сұхбат барысында Ресейдегі саяси реформалар мен Украинадағы ахуал туралы да сөз болды.

Перейти к новостям спорта