Қазақстан президенті саяси реформалардың бағдарламасын жасауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті саяси реформалардың бағдарламасын жасауды ұсынды

Қазақстан президенті саяси реформалардың бағдарламасын жасауды ұсынды

Бүгін, 18-ақпанда парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық саяси реформалардың бағдарламасын жасауды ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2005
  • 1179
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев бұл бағдарлама мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттар реформасына қатысты біртұтас көзқарас екенін атап өтті. «Бұл көзқарастың басты мәні — Қазақстан қоғамын батыс демократиясының дәстүрлері мен принциптеріне, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің жетекші мемлекеттерінің тәжірибесіне, еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыруға саяды»,- деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, бағдарламаны талқылау істерін үйлестіру міндеті Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияға жүктеледі. Бұл комиссия жолдауда ортаға салынған саяси бастамалардың негізінде жалпыхалықтың пікірталаластардың қорытындысын жинақтай талдап, жалпыұлттық бағдарламаның алғашқы заңдық нобайын әзірлеуі, бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты президент пен парламенттің атына нұсқаулар дайындап, саяси реформаларға қатысты құжаттар қоржынын қабылдау және оны күшіне енгізу жұмыстарын үйлестіруі тиіс.
Н.Назарбаевтың пікірінше, «бұл іске Қазақстан азаматтары жаппай және еліміздегі қоғамдық пікірге ықпалын тигізуші тұлғалар, беделді зиялы қауым өкілдері мен еліміздегі элита өкілдері жұмылдырылуы тиіс. Нәтижесінде бұл жұмыс жоғары деңгейде жариялы әрі ашықтық сипатқа ие болмақ». Осы орайда Елбасы «сыртқы сарапшы ретінде ынтымақтастық мақсатында шетелдік мамандар мен басқа елдердің беделді саяси қайраткерлерін шақыру мүмкіндігін » жоққа шығармады.
«2005-жыл саяси реформаларды белсенді пәрмендендіру және оны жаппай жұмыла талқылау жылы ретінде еліміз тарихында қалуы тиіс»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта