Н.Назарбаев форумның ашылуында сөз сөйлейді деп межеленген. Сондай-ақ, бұл форумда екі елдің индустрия және сауда министрлері мен басқа да ресми өкілдер сөз сөйлейді. Еліміз өкілдерінің арасында отандық ірі компаниялар мен банктердің өкілдері бар.
Шараның басты мақсаты- инвестиция, ғылым және техника, сауда секілді экономиканың келешегі бар салаларындағы екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейту болып табылады.
Орталықтан хабарлағанындай, соңғы уақыттарда сингапурлық компаниялардың Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсті, соның нәтижесіндей, машина жасау, қорғаныс өнеркәсібі, өндірістік инфрақұрылым тәрізді экономикалық секторларда бірқатар бірлескен инвестициялық жобалар жасалуда.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық байланыс 1993-жылдың наурыз айында орнатылған. Қазір Қазақстанның Сингапурдағы дипломатиялық өкілдігін ашу мәселесі дәйектелуде. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2002-жылы 13,8 млн. долларды, соның ішінде экспорт 5,9 млн. долларды, импорт 7,9 млн. долларды құрады.