Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше елдер мен Альянс әріптестерінің мемлекет басшылары дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді сарапқа салады.
Стамбұлда Солтүстік Атлантикалық Альянстың Ауғанстандағы күштері аясын одан әрі кеңейтуге қатысты және басқа да бірсыпыра маңызды шешімдер қабылданбақшы. Бұл Ауғанстанда қыркүйек айында өтетін сайлауға қолдау көрсетуде Солтүстік Атлантикалық Альянс тарапынан жетекші роль атқаруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың әріптестері аясын кеңейту және оны күшейту, Босниядағы Солтүстік Атлантикалық Альянс операцияларын аяқтау тәрізді көптеген түйткілді мәселелер шешімін табады деп күтілуде.