Қазақстан президенті Солтүстік Осетиядағы лаңкестік әрекет салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Солтүстік Осетиядағы лаңкестік әрекет салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Солтүстік Осетиядағы лаңкестік әрекет салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің атына Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 6 Қыркүйек 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

«Ресейдің сепаратистер, діни экстремистер мен халықаралық лаңкестерге қарсы әділетті күресін Қазақстан қолдап келген және қолдай береді»,- делінген Елбасының жеделхатында.
Мемлекет басшысы лаңкестікке қарсы күресте Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді. «Алдағы Астана кездесуінде осынау ғаламдық қатерді ауыздықтауға бағытталған нақты шараларды талқылауға әзірміз»,- делінген жеделхатта.

Перейти к новостям спорта