Қазақстан президенті тікелей эфирде телекөрермендердің сауалдарына жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті тікелей эфирде телекөрермендердің сауалдарына жауап береді

Қазақстан президенті тікелей эфирде телекөрермендердің сауалдарына жауап береді

24-тамызда 20 сағатта республикалық телеарналар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін тікелей эфирдегі сұхбатты тарататын болады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Тамыз 2005
  • 471
Фото - Caravan.kz

Президентке сауал жолдағысы келетіндер оны 010000, Астана қаласы, абонент жәшігі 001 деген мекен-жайға жолдай алады. Не болмаса 8(3172)555-777 телефоны немесе 8 (3172)777-555 факсы арқылы, сондай-ақ, akorda@online.kz деген электронды адреспен сауал жолдауға болады. Қазақстан аумағында шалынған телефон қоңырауы ақысыз.

Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан бұған дейінгі тікелей эфирдегі сұхбат 2004-жылдың 14-мамырында өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, телекөрермендермен тікелей эфирде сұхбат жүргізуге былтыр «Қазақстанның дағдарыстардан кейін экономикалық дамудың жаңаша деңгейіне көтерілуі себеп болған».
Президенттің қатысуымен өтетін тікелей эфирдің ақпараттық-талдау орталығына 2004-жылдың 14-мамырында 12 мыңдай телефон қоңырауы шалынып, интернетпен 2 мыңдай хабарлама келіп түскен. Сауалдардың 37 проценті тұрғын үй, баспана, денсаулық сақтау және білім беру, ал 12 проценті азаматтардың құқығын қорғау мәселесіне арналды.

Перейти к новостям спорта