Қазақстан президенті ТМД саммитіне қатысу үшін Қазанға ұшып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ТМД саммитіне қатысу үшін Қазанға ұшып кетті

Қазақстан президенті ТМД саммитіне қатысу үшін Қазанға ұшып кетті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 26-тамызда өтетін ТМД саммитіне қатысу үшін Қазанға ұшып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысыынң баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшылары кеңесінің бас қосуы Қазан қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар аясында өткізілмекші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінгі кеңес барысында Достастық аясындағы көп жақты ықпалдастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылау көзделіп отыр. ТМД органдарын жаңалау және жетілдіруге қатысты мәселелер қаралатын ең басты тақырыптардың бірі. Сонымен бірге ТМД елдерінің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылады. Онда ұзақ мерзімге есептелген ықпалдастықтың басым бағыттары, принциптері мен түр-сипаттары айқындалады.
Бұған қоса бүгінгі отырыстың күн тәртібінде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 20 жылдығына және БҰҰ-ның 60 жылдығына орай
мемлекет басшыларының ТМД -ға қатысушы елдердің халықтары мен бүкіләлемдік қауымдастыққа арнап жасайтын мәлімдемесін қабылдау, 2006-жылды ТМД жылы деп жариялау туралы шешімді талқылау көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта