Қазақстан президенті үкіметке мемлекеттік бақылаудың барлық түрін ретке келтіретін арнаулы заңның жобасын жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті үкіметке мемлекеттік бақылаудың барлық түрін ретке келтіретін арнаулы заңның жобасын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті үкіметке мемлекеттік бақылаудың барлық түрін ретке келтіретін арнаулы заңның жобасын жасауды тапсырды

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті үкіметке мемлекеттік бақылаудың барлық түрін ретке келтіретін арнаулы заңның жобасын жасауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Кезінде мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңды қабылдауға қарсы шыққан үкіметтің пікірімен келіскен едім. Енді соған қайта оралып, бақылаудың барлық түрлерін ретке келтіретін осындай заңды қабылдау қажет шығар», -деді Н. Назарбаев.

«Мемлекеттік тексерулер жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуді оңтайландыру қажет. Мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер саласындағы мәселелерді айқындап, ақырғы нүктесін қою қажет. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, негізсіз тексерулерге қатысты шағымдар азаймай отыр. Қазір тексеру жүргізуге құқық беретін бақылау-қадағалау функциясына көптен мемлекеттік органдар ие болған. Кодексте көрсетілген сан алуан тексерулер, сансыз заңға бағынышты актілері бар заңдардан аяқ алып жүргісіз. «Нұр Отан» фракциясы арнаулы комиссиялар құрып, барлық заңдарды тексеріп шыққаны жөн секілді», — деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар