Қазақстан президенті үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Мен кеше мемлекет басшысынан Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасау жөніндегі үкімет басшысы басқаратын жұмыс тобын құру жөнінде тапсырма алдым», -деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты ол өз орынбасары Ербол Орынбаевқа тиісті бұйрық дайындауды жүктеді.

«Бізде бұл жұмысқа бір жыл уақыт бар, нәтижесін біз Елбасына 2009 жылдың қыркүйегіне дейін таныстыруға тиіспіз», — деді премьер.

Қазір Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасы бар екені белгілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар