«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға сапары 2007-жылдың 28-қаңтарына белгіленген»,- деді Украина үкімет басшысы. «Осы жолы Украина жағы жасаған ұсыныстар сапарға дейін нақтыланады, бірқатар бағыттар бойынша осы сапар кезінде біз нақты шешім қабылдаймыз деп ойлаймын»,- деді ол.
Украина үкімет басшысының хабарлауынша, «Н.Назарбаевпен кездесу барысында екі ел экономикасының энергетика, ауылшаруашылығы, машина жасау салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды».
«Өзара ынтымақтастықтың өзекті бағыттарының бірі — энергетика саласы. Бұл салада Қазақстан аумағында, сондай-ақ, мүмкін, Украина аумағында да мұнай мен газ өндіруді бірлесе дамыту мүмкіндігі бар»,- деді В.Янукович.
Украина премьер-министрінің айтуынша, «мұнай тасымалдау және мұнай өңдеу зауытын бірлесе салу мүмкіндіктері де » талқыланған.
«Ал транспорт саласы бойынша біз көлік дәліздерін дамыту саясатын бірлесе жүргізу мәселелерін сараладық»,- деді В.Янукович.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті