Қазақстан президенті Ұлттық Банктің 2004 жылғы жұмысын оң бағалап, 2005-жылға бірқатар мақсаттар қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Ұлттық Банктің 2004 жылғы жұмысын оң бағалап, 2005-жылға бірқатар мақсаттар қойды

Қазақстан президенті Ұлттық Банктің 2004 жылғы жұмысын оң бағалап, 2005-жылға бірқатар мақсаттар қойды

2005 жылғы 20 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің 2004 жылғы жылдық есебін тыңдады. Президент Ұлттық Банктің 2004 жылғы жұмысын тұтастай алғанда оң бағалады және есепті мақұлдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 524
Фото - Caravan.kz

Президент бюджеттік шығыстардың көбеюі және жоғары экономикалық белсенділіктің сақталуы жағдайында тұтыну бағаларының өсуін ұстап тұру жөніндегі кешенді шараларды үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп қабылдауының қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Ұлттық Банктің алдына бірқатар басқа міндеттерді қойды.
Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп Қазақстан экономикасына айырбас бағамының әсері жөнінде кешенді зерттеу жүргізеді.
Қазіргі уақытта парламенттің қарауында жатқан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның жобасы бойынша Президент қолма-қол шетел валютасын жеке тұлғалардың әкетуі бойынша шектеулерді сақтау жөніндегі Ұлттық Банктің позициясын қолдады. Осы норма валюталық реттеу шараларының жүйелілігін және тиімділігін, көлеңкелі экономика және ақшаның жылыстауымен күресті қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
Кездесуде Қазақстанның экономикалық дамуына сыртқы қарыз алудың өсуі себептерін және ықтимал жағымсыз салдарын кешенді бағалау мақсатында елдің сыртқы борышын басқару жүйесін құрудың қажеттілігі атап көрсетілді.
Бұдан басқа, Ұлттық Банкке Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен бірлесіп жылжымайтын мүлік нарығының мониторингі жөнінде шаралар жүйесін құру туралы мәселені пысықтау тапсырылды.

Перейти к новостям спорта