Қазақстан президенті ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды. Ол мұндай тапсырманы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 14-ші сессиясында берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қазан 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біздің алдымызда алдағы жылдарда шешуіміз қажет болатын бірқатар маңызды мақсаттар тұр. Біз Қазақстан қоғамының одан әрі дамуының басты мақсаттары айқындалатын ұлттық бірлік доктринасын жасауға тиіспіз. Президент әкімшілігіне үкіметпен бірлесе отырып Қазақстан халқы ассамблеясын тарту арқылы осы құжаттың жобасын жасауды тапсырамын. Бұл құжаттың басты принциптері елдің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына қамтылуға тиіс», — деді Н. Назарбаев.

«Елімізде тарихи қалыптасқан көпұлттылық пен көпдінділікті біз стратегиялық артықшылыққа, ұлттық күш-қуатымызға айналдыра алдық, ал басқа елдерде оны тұрақтылықтың қатері деп атайды», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті