Caravan Logo

Қазақстан президенті ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті ұлттық бірлік доктринасын жасауды тапсырды

"Бүгін біздің алдымызда алдағы жылдарда шешуіміз қажет болатын бірқатар маңызды мақсаттар тұр. Біз Қазақстан қоғамының одан әрі дамуының басты мақсаттары айқындалатын ұлттық бірлік доктринасын жасауға тиіспіз. Президент әкімшілігіне үкіметпен бірлесе отырып Қазақстан халқы ассамблеясын тарту арқылы осы құжаттың жобасын жасауды тапсырамын. Бұл құжаттың басты принциптері елдің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына қамтылуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

"Елімізде тарихи қалыптасқан көпұлттылық пен көпдінділікті біз стратегиялық артықшылыққа, ұлттық күш-қуатымызға айналдыра алдық, ал басқа елдерде оны тұрақтылықтың қатері деп атайды", -деді ол.