Қазақстан президенті Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрді елімізге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрді елімізге шақырды

Қазақстан президенті Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрді елімізге шақырды

3-шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрмен телефон арқылы әңгімелескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны Қазақстанға ресми спаармен келіп қайтуға шақырды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

Екеуара әңгімеде өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен оның болашағын сарапқа салған Нұрсұлтан Назарбаев пен Тони Блэр екі ел арасындағы сауда-экономикалық , іскерлік байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атады. Бүгінге дейін Ұлыбританиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. доллар көлемінде қаржы құйды. Осы орайда Бритиш газ, Бритиш Петролеум, БАЕ систем тәрізді компаниялардың іс-қызметі ерекше аталды.

Сондай-ақ, әңгіме барысында аймақтағы лаңкестікпен күрес ахуалы, соның ішінде Ауғанстан, Ирак және Иранға қатысты мәселелер талқыланды. Бұл тұрғыда Ұлыбритания мен Қазақстанның позициясы үндес екені белгілі.

Соңғы жаңалықтар