Қазақстан Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
![]() |
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті. |
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Екі мемлекеттің көшбасшылары әңгіме барысында қазақстан-британ қатынастарының жай-күйін және перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бұдан әрі жасалатын қадамдарды, Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жайын талқылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін