Кездесуден кейін журналистермен өткен брифингте елші екі елдің қарым-қатынасында энергетика мен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа баса көңіл бөлінетінін айтты.
Елшінің айтуынша, қазір Қазақстан мен Үндістан ақпараттық технологиялар саласында бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ақпараттық технологиялар саябағын құру көзделуде, деді ол. Сонымен бірге Үндістанның екі ірі энергетикалық компаниясы Қазақстанмен арада ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер жүрізуде.
ҚР СІМ-нің мәліметі бойынша, 2004-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 96,6 млн. долларды, соның ішінде Қазақстан экспорты 10,6 млн. долларды, импорт — 86 млн. доллалры құрады. Көбінесе өсімдік текті өнімдер, азық-түлік өнімдері, минералды өнімдер, химия және онымен сабақтас сала өнімдері, металл түрлері импортталады. Ал Қазақстаннан Үндістанға тері шикізаты, аң терісі, машиналар, жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық жабдықтар экспортталады.