Қазақстан президенті Үрімжі қаласындағы табиғи шырын өндіретін қазақстандық зауыттың ашылу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Үрімжі қаласындағы табиғи шырын өндіретін қазақстандық зауыттың ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан президенті Үрімжі қаласындағы табиғи шырын өндіретін қазақстандық зауыттың ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін, 19-мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үрімжі қаласында Қытай территориясындағы тұңғыш Қазақстандық өндіріс - табиғи шырын өндіретін "Райымбек фуд- Синьцзян Co. Ltd" зауытының ресми ашылу шарасына қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2004
  • 660
Фото - Caravan.kz

Елбасының пікірінше, зауыттың ашылуы — Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға қосылатын өлшеусіз үлес болмақ. Н.Назарбаевтың айтуынша, ҚХР басшылығы «бұл жобаға үлкен ықылас танытып отыр, әрі оны осы тектес ынтымақтастықтың алғашқы қарлығашы деп санауға болады».

«Райымбек груп» тобының президенті, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталовтың пайымдауынша, зауыттың жұмыс істей бастауы «екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нығая түскеніне жарқын дәлел» болмақ. Оның пікірінше, зауыт өнімі Қазақстан экономикасының аймақтағы бетке ұстары болады.
Жалпы құны 20 млн. долларды құрайтын бұл жобаны жүзеге асыруға Қытай тарапынан кәсіпорынды құруға мейлінше жеңілдік көрсетуі үлкен ықпалын тигізді. Зауытты «Райымбек груптың» құрылымдық бөлімшесі салды.
«Райымбек фуд- Синьцзян Co. Ltd» Шыңжан сауда-өнеркәсіптік компаниясы 100 процент жеке меншік капитал есебінен құрылған Қытайдағы тұңғыш қазақстандық кәсіпорын болмақ. Ол Үрімжі қаласындағы экономикалық және технологиялық даму аймағында тіркелген.
Кәсіпорын 2,5 гектар жерді иемденіп жатыр. Жалпы өндіріс аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жылына 52 млн. литр шырын өндіретін екі өндірістік желі іске қосылады. Ал 2005-жылдың мамыр айында аяқталатын екінші кезеңде басқа да жаңа желілер іске қосылып, зауыттың өндірістік қуаты жылына 104 млн. литрге жетеді.