«Бәрі де батырларға ғой, әрине… Мен барлық аграрийлерден үш өкілін бөліп алдым. Біріншісі — Двуреченский Валентин Иванович. Барлығы да біледі, ол менің ескі досым екенін. Біз бір кезде компартияда бірге болғанбыз. Кейбіреулері одақ ыдыраған соң, жан-жаққа кетті: біреулері оппозицияға, біреулері шашын жұлды, ал Валентин Иванович аграрлық маман ретінде байыппен «Зареченское» шаруашылығына аттанды, — деді Н. Назарбаев жұма күні Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аграрийлердің республикалық форумында.
Келесі «Еңбек ері» атағын ол Әділхан Кенжебаевқа тапсырды. Ә. Кенжебаев 15 жыл Ақмола облысының Зеренді ауданында жұмыс істейді, аграрлық салады 35 жыл өтілі бар.
Үшінші болып жоғарғы атақты Солтүстік Қазақстаннан, ауыл шаруашылығында 27 жыл жұмыс істеп жүрген «Тайынша-Астық» директоры Руслан Молдабеков алды.
Одан басқа, Н. Назарбаев «биылғы жылдың жеңісін ескере отырып, аграрлық сектордың 200-ден астам қызметкері … ел игілігі үшін көп жылдан еңбек етіп жүргенін ескеріп, орден және медальдармен марапатталады. Ол облыс жиналыстарында тапсырылады», деп мәлім етті.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 аграрийге мемлекеттік наградалар тапсырылатыны туралы Н. Назарбевтың жарлығы Ақ орданың ресми сайтында жарияланды.