Н.Назарбаев Жаркентте қала күндігіне арналған мерекелік шараларға қатысып, «Жаркент мешіті» көркем-сәулет өнері мұражайында болып, жұртшылықпен жүздеседі. Сонымен бірге мемлекет басшысы «Көктал-Агро» ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорнының жұмысымен танысып, аудандардағы ауылдық округтердің жетекшілерімен кездеседі.
Түстен кейін Н.Назарбаев Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы көп балалы Әбдиевтер отбасында болып, Ұйғыр ауданының 70-жылдығына арналған ауылдық спартатикаданың ашылуына қатысады.
Райымбек ауданында президент «Қарқара» жайлауына ат басын тіреп, социалистік еңбек ері Ж.Молдасановтың шаруа қожалығында болады.