Сапар барысында Н.Назарбаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени нысандарды, атап айтсақ, «Тыныс» АҚ, «Камаз-Инжиниринг» ЖШС -ін аралайды. Сондай-ақ мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының аймақтық филиалының өкілдерімен, ауылшаруашылығының тауар өндірушілерімен, ауылдық округ әкімдерімен кездеседі.
Елбасы сонымен бірге ауылдардағы «Ақ бидай» республикалық спорттық ойындардың ашылуына арналған салтанатты шараға қатысады.