Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қазан 2004
  • 460
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы 18-қазан күні түстен кейін Шымкентке келеді деп күтілуде. Елбасы сол күні облыс атқамінерлерімен жүздеседі.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 19-қазанда Елбасы Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі «Нұрсат» ықшам ауданының құрылыс барысымен танысады.
Биылдан салына бастаған ықшамаудандағы құрылыс жоспарына сәйкес 2007-жылға дейін мұнда 900 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұдан кейін Н.Назарбаев Желтоқсан көшесінің бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйге барып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етеді. Елбасы бұдан кейін облыстық перинаталдық орталық пен мақта өңдейтін «ЮТЕКС» АҚ-ын аралайды.

Перейти к новостям спорта