Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Павлодарға келді

Павлодар. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Павлодарға келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 695
Фото - Caravan.kz

Әуежайдан президент кортежі облыстық әкімдікке бет алды, онда Елбасы облыс белсенділерімен кездеседі.

Сапар бағдарламасына сай, түстен кейін Н.Назарбаев «Павлодарэнерго» АҚ-ның 3-ші ЖЭО аралайды. Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-ші ЖЭО негізінде мемлекет басшысы электр энергетикалық кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңеске қатысады. Электр қуаты нарығындағы ахуал және қуаттылықты арттыру мәселелері бойынша президенттің алдында еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, «KEGOC» АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Ерлан Ұпышев сөз алады.

ЖЭО 1972 жылы пайдалануға берілген. Нысанның өндірістік қуаты 440 МВт электр және 1402 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге арналған. Қазір кәсіпорын Павлодардың солтүстігіндегі өнеркәсіптік ауданды қуатпен қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы Павлодардағы «Достық үйінің» ашылу салтанатына қатысады. Төрт қабатты ғимарат қала орталығында бой көтерген. Нысан құны 700 млн теңгені құрайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, жаңа ғимаратта Қазақстан Халқы кіші ассамблеясының бас пәтері, 20 ұлттық-мәдени орталықтың кеңселері, тілдерді оқыту орталығы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы, мұражай мен кітапхана орын тебеді. «Достық үйінде» концерт залы, компьютер класстары, мультимедиялық кабинеттер, дәмханалар, салтанат және репетиция залдары болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар