Елбасы ең алдымен облыс орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіші — Айша бибі кесенесінде болады. Бұдан кейін Қазақстан президенті Таразға оралып, 12-ші ықшам ауданда салынып жатқан тұрғын үй массивін аралайды. Сапар бағдарламасы бойынша Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының достық үйі мен Кеңес Одағының батыры Ағәділ Суханбаевқа арналған ескерткішті ашу көзделген.
Мемлекет басшысы сонымен қатар «Жасыл ел» шарасына қатысып, студенттермен кездеседі деп күтілуде.
Сапардың екінші күні Елбасы Байзақ ауданын аралап, жаңадан салынып жатқан кірпіш зауытында болады. Н.Назарбаев сондай-ақ кәсіпкерлердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының аймақтық өкілдерімен кездеседі.