Саясат саласындағы АҚШ-тық сарапшылар Қазақстанға Еуразиялық МедиаФорумның шақыруымен келген. Елбасымен кездесуде Уэсли Кларк пен Ричард Перл мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолауының маңызына жоғары баға беріп, оны «жемісті идеялар шоғырланған құжат» деп атады.
«Мен Елбасының жолдауын осында келерден біршама уақыт бұрын оқып шықтым және Нұрсұлтан Назарбаев екеуіміз құжаттың өзекті тұстарын, елдің алдына қойылған ұлығаусар мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ, оларға қол жеткізу жолдарын бірлесе сарапқа салдық. Менің пайымдауымша, сіздің ел дұрыс бағытта алға жылжып келеді»,- деді Р.Перл.
Ол сонымен қатар Қазақстандағы тұрақтылықты дүниежүзілік қауымдастықтың жоғары бағалайтынын атап өтті. «Бәрінен бұрын ел халқының ұлттық құрамының ала-құлалығына қарамастан, адамдардың бейбіт қатар өмір сүріп, бір-біріне сенетіні айқын көрінеді»,- деді ол.
Дегенмен, сарапшылның пікірінше, Қазақстандағы тұрақтылыққа көршілес елдер тарапынан қатер төну мүмкіндігі бар. «Өйткені, бұл елдерде тұрақтылық орнықпаған және оларда заңсыз есірткі айналымы мен лаңкестік тәрізді құбылыстар кездеседі».
Р.Перлдің айтуынша, «бұл проблемалардың шекара асып келу ықтималдығы бар». «Бұл тұрғыда мемлекеттік шекарадағы ахуалдың маңызы зор. Бірақ мен Қазақстандағы жағдай бақылауда және алабөтен оқиғалар бола қоймайды дегенге сенгім келеді»,- дейді сарапшы.