Қазақстан президентін Ауғанстанға ресми сапармен келуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентін Ауғанстанға ресми сапармен келуге шақырды

Қазақстан президентін Ауғанстанға ресми сапармен келуге шақырды

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты 2006-жылы Ауғанстанға ресми сапармен келуге шақырды. Х.Карзай осы жөніндегі шақыруды Қазақстанның аталмыш елдегі елшісі Ағыбай Смағұлов арқылы жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қазан 2005
  • 392
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Кабулда Ауғанстан Ислам Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі А.Смағұлов Хамид Карзайға сенімхатын табыс етті.

Сұхбат барысында Қазақстан елшісі мемлекет басшысының сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, еліміздің Ауғанстандағы мемлекеттілікті тез арада қалпына келтіре нығайту және экономиканы дамыту, Ауғанстанды аймақтық ынтымақтастық процестеріне интеграциялануына түрткі болуға деген талпынысын жеткізді.
Ауғанстан президенті өз елінің Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін атап көрсетті. Ол Қазақстандық іскерлер қауымын осы елдегі инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғын үй және өнеркәсіп нысандарын салуға белсене атсалысуға шақырды.

Перейти к новостям спорта