Қазақстан президентінің алдағы Мысырға сапарының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің алдағы Мысырға сапарының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады

Қазақстан президентінің алдағы Мысырға сапарының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007-жылғы наурызда Мысырға жасайтын сапарының қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылады. Бұл туралы Мысыр Араб Республикасының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрі Фаиза Абу Нага бүгін ҚР СІМ Марат Тәжинмен кездесу қорытындыс бойынша өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Ақпан 2007
  • 375
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, алда қол қойылатын келісімдер туралы бүгін сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан — Мысыр үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында талқыланды.

«Сапар аясында қол қойылатын келісімдер сауда, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты»,- деді ол.

Мысырлық шенеунік әйелдің хабарлауынша, дәрілік препаттардың экспорты саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор және «Мысырда өндірілетін дәрілік заттар бағасы мен сапасына қарай бәсекелестік қабілетке ие».

Сонымен бірге Фаиза Абу Наганың айтуынша, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да келісімдерге қол қойылады.

Министр Қазақстан президентінің сапары Мысыр президенті Хосни Мубарактың өткен жылғы Қазақстанға сапарынан кейінгі ынтымақтастықтар қарқынын арттыруға тың серпін бермек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті