Қазақстан президентінің АҚШ сапары екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін көтереді - президенттің баспасөз хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің АҚШ сапары екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін көтереді - президенттің баспасөз хатшысы

Қазақстан президентінің АҚШ сапары екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін көтереді - президенттің баспасөз хатшысы

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін көтереді.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте президент әкімшілігі басшысының орынбасары — мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхамед мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Дж.Буш пен Н.Назарбаев демократияны алға жылжыту, лаңкестікпен күрес, энергетика, бостандық пен қауіпсіздікті кеңейту мәселелерін талқылайды.

«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі бұл Елбасының АҚШ-қа алтыншы сапары, — деді Құл-Мұхамед. — Біріншісі 1993 жылғы мамырда болса, соңғысы 2001 жылғы желтоқсанда өтті».

«Біздің елдердің арасындағы қатынас әуел бастан-ақ қарқынды дамыған, бүгінде ол ұзақ мерзімді және тұрақты әріптестік деңгейіне жеткен», — деп атап көрсетті Елбасының баспасөз хатшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта