Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі туралы дақпыртты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі туралы дақпыртты жоққа шығарды

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі туралы дақпыртты жоққа шығарды

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі туралы дақпыртты жоққа шығарды. Президенттің баспасөз хатшысының осы мәселеге қатысты түсініктемесі бүгін, 3-желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінде жарық көрді.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 375
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед бұл сұхбатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөзіне сілтеме жасайды: «Мен бұл үкіметтің жұмысына көңілім толады. Үкімет өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып келеді, сол себепті ешқандай отставканың болуы мүмкін емес! Керісінше, үкімет жаңа парламент сессиясының ашылуында және Қазақстан қаржыгерлерінің конгрессінде мен ала қойған, еліміздің экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясатының басымдық берілген бағыттарын жүзеге асыру үшін ауқымды істер тындыруы тиіс».

Сондай-ақ, М.Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «мемлекет басшысы тек үкіметтің осы құрамының және Даниал Кенжетайұлының жеке басының жұмыс қорытындысына ғана емес, сондай-ақ, қазір қандай қызметте жүргеніне, немесе, қандай саяси ұстанымға ден қойғанына қарамастан, бұған дейінгі Қазақстан үкімет басшыларынң баршасының жұмыс қорытындысына қанағаттанады. Менің қол астымда жаман үкімет басшылары болған емес. Олардың барлығына да өкпем жоқ» деп атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта