Қазақстан президентінің Иорданияға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің Иорданияға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады

Қазақстан президентінің Иорданияға сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады

АСТАНА. 27-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы Иорданияға сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялар және білім салаларында бірнеше екі жақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қараша 2006
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібіне саяси диалогты күшейту, экономикалық және мәдении-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері енгізілген. Тараптар Иордания нарығына металлургия, тау-кен және химия өндірісі, тыңайтқыштар, мал шаруашылығы және т.б өнімдерін тасымалдаудың болашағын талқылауға ниет білдіріп отыр. Елбасының сапары қарсаңында Амманда ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов пен Иордания Хашимиттік Корольдігі индустрия және сауда министрі С.әл-Хазаилдің төрағалық етуімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысы өтеді»,- деді Е.Ашықбаев.

Жоғары деңгейдегі байланыстардың негізі өткен жылы Абдалла II Корльдің Қазақстанға ресми сапары барысында қаланды. Бұл сапардың нәтижесі Қазақстан мен Иордания қатынастарының сан-салалы дамуына үлкен серпін берді. Үстіміздегі жылғы 7-8 қарашада Иорданияның премьер-министрі М.Бахиттың Қазақстанға сапары болып өтті. Астана мен Амман көптеген халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ортақ ұстанымдарды ұстануда және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда өзара қызығушылығы бар.

«Алдағы қазақ-иордан саммиті екі жақты қатынастарда қол жеткен ілгерлеушілікті расстау, сондай-ақ әр саладағы ынтымақтастықты дамытудағы алдағы болашақты анықтау үшін маңызды», деді Е.Ашықбаев.

ҚР президенті Н.Назарбаевтың Иордания Хашимиттік Корольдігіне ресми сапары 29-30 қараша аралығында болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта