Қазақстан президентінің пайымдауынша, еліміздегі бүкіл билік сатыларындағы әйелдер санын арттыру қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің пайымдауынша, еліміздегі бүкіл билік сатыларындағы әйелдер санын арттыру қажет

Қазақстан президентінің пайымдауынша, еліміздегі бүкіл билік сатыларындағы әйелдер санын арттыру қажет

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз азаматтарын "алдағы парламент сайлауында әйел кандидаттарға көбірек дауыс беруге" шақырады. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін, 7-қыркүйекте қазақстан әйелдерінің төртінші форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 429
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың пікірінше, маңызды шешімдер қабылдау барысына тікелей қатысуы үшін «еліміздегі бүкіл билік сатыларындағы әйелдер санын арттыру» қажет. «Билікте әйелдер саны көп болған сайын шешімдердің сапасы да мейлінше арта түседі»,- деді президент.

Әйелдер құрылтайын ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия ұйымдастырды. Форумға саяси партиялардың өкілдері, соның ішінде «Асар» партиясының лидері Дариға Назарбаева, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, үкімет басшысы Даниал Ахметов пен басқа да үкімет мүшелері қатысуда.
Жиынғы қатысушылар Бесландағы лаңкестік әрекеттен мерт болғандарды үнсіздікпен еске алды.

Перейти к новостям спорта