Жарияланды: 480

Қазақстан президентінің пайымдауынша, саясаткерлер өздері сенетін қатып қалған қағидалардан арылып үйренуге тиіс

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің пайымдауынша, саясаткерлер өздері сенетін қатып қалған қағидалардан арылып үйренуге, басқаның ардақ тұтатын тереңіне тұмсық тығудан бас тартуға, ислам мен христиан діндерін бір-біріне қарсы қоюдың қауіп-қатерін ұғынуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін сыртқы істер министрлерінің "Ортақ әлем: әралуандық арқалы өркендеу" атты конференциясында сөйлеген сөзінде атап

көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Осыдан екі жыл бұрын осы сарайда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші сьезіне қатысушылардың алдында сөйлеген сөзімде мен діндердің арасындағы диалогты үш түрлі түсінік принципінің негізінде жүргізуді ұсындым. Біріншіден, өзара түсіністік пен қабылдаудың ғасырлар бойы қалыптасқан қатқан қағидаларынан бас тарту. Екіншіден, басқаның ардақ тұтатын тереңіне тұмсық тығудан саналы түрде бас тарту. Біреу үшін қасиетті, ардақты дүние екінші біреу үшін сайқымазақ нысанасына айналмауға тиіс. Үшіншіден, барлық мәдениеттер мен өрткениеттер үшін ортақ қатерлерді сезіну. Бұл - лаңкестік, халықты жаппай қырып-жоятын қарудың таралуы, трансшекаралық қылмыстар, экологияның нашарлауы болумен бірге, әлемдік діндердің арқасында мыңдаған жылдар бойы дәстүрі қалыптасқан рухани құндылықтарды жоққа шығару",- деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін