Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 18-қаңтарда Кремльде Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Кремльде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады. Олардың арасындағы ең маңыздысы екі ел арасындағы ең ұзаққа созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығын айқындап беретін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісім болмақ.
Қазақстан президенті сонымен қатар Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадковпен және Ресейлік бірқатар БАҚ басшыларымен кездеседі.
Ресми сапар 19-қаңтарда аяқталады.