Жарияланды: 410

Қазақстан президентінің ресми сайтын пайдаланушылар саны артуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына кірушілер саны арта түсуде.

"2010 жыл ішінде www.akorda.kz сайтына 1,5 миллион адам кірді. 2011 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан президентінің ресми сайтына бүкіл әлемнен 500 мыңнан астам интернет пайдаланушы кірді", - деп президенттің баспасөз хатшысы Бағлан Майлыбаев "Литер" газетінде бүгін жарияланған сұхбатында атап көрсетті. Баспасөз хатшысының айтуынша, сайтты пайдаланушылар географиясы да кеңеюде. Сайтқа кіргендер қатарында Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, Үндістан, Жапония, Еуроодақ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік Америка тұрғындары бар. Б.Майлыбаев мемлекет басшысының интернет ресурсы үнемі жаңартылып тұратынын атап өтті. "Жаңа дизайн, құрылымы, бейне-, аудио-, фотоматериалдар, президенттің сөйлеген сөздері технологиялық тұрғыдан да, мазмұндық тұрғыдан да алдыңғы орында", - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін